Премьер-министр жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын күшейтуді тапсырды

Бүгін, 11:26
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Премьер-министр жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын күшейтуді тапсырды
Фото: primeminister.kz

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов келесі жылыту маусымына сапалы дайындықты қамтамасыз ету өңірлер үшін басты міндет екенін атап өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Келесі жылыту маусымына сапалы дайындықты қамтамасыз ету керек. Бұл – өңірлердің алдында тұрған негізгі міндет», - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Жылу желілерін уақтылы жөндеу және сапалы сынақтан өткізу, сондай-ақ белгіленген мерзімдерді сақтау қажеттігіне баса назар аударылды.

«Энергия көздері мен желілік жабдықтарды жөндеу және ауыстыру бойынша жоспарлы жұмыстарды жалғастыру қажет.

Жылу желілерін дер кезінде әрі сапалы сынақтан өткізу керек. Ойланып-толғанып жүруге уақыт жоқ.

Барлық жұмыс белгіленген мерзімде және толық көлемде орындалуы тиіс. Жаз бойы жұмысты күшейтіңіздер», - деп атап өтті Премьер-министр.

Еске сала кетейік, елдегі электр стансаларындағы технологиялық бұзушылықтар саны 15 пайызға азайды.