Электр стансаларындағы технологиялық бұзушылықтар саны 15 пайызға азайды

Бүгін, 11:17
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Электр стансаларындағы технологиялық бұзушылықтар саны 15 пайызға азайды
Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Өткен жылыту маусымының қорытындысы мен алдағы жылу беру маусымына дайындық барысы қаралған Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Президент тапсырмасына сәйкес, энергетикалық инфрақұрылымның сенімділігін арттыру бойынша қабылданған шаралар аясында елімізде қыс мезгілі төтенше жағдайларсыз өткенін баса айтты.

«Өткен жылу беру маусымы аса бір қауіпті апаттық жағдайларсыз аяқталды.

Электр стансаларындағы технологиялық бұзушылықтар саны былтырмен салыстырғанда 15%-ға азайды.

17 мың МВт электр энергиясы өндіріліп, тарихи ең жоғары деңгейге қол жеткізілді. Бұл – өткен жылыту кезеңімен салыстырғанда 7%-ға жоғары.

Аталған фактілер өткен қыс мезгіліне дайындық жұмыстарының едәуір жоғары болғанын білдіреді», - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Еске сала кетейік, елімізде электр энергиясын өндіру артты.