Жүргізуші куәлігі жоқ елордалық мас күйде көлігімен автобусты соқты

Жүргізуші куәлігі жоқ елордалық мас күйде көлігімен автобусты соқты
Фото: freepik.com

Елордада мас күйде және жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарған ер адам жол апатына себепші болды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Сағат 19:30 шамасында Біржан сал көшесі бойында жол-көлік оқиғасы тіркелді. 40 жастағы азамат көлік басқару құқығынсыз және алкогольге мас күйде «BMW 518» көлігін жүргізген. Ол жол қозғалысы талаптарын сақтамай, тұрғын үй маңында жолаушылар автобусына соғылған», делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан көліктерге зақым келтірілді. 

Аталған факті бойынша құқық бұзушыға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен ол 20 тәулікке әкімшілік қамалды. Көлік айып тұрағына қойылды.

Еске сала кетсек, елордада заңсыз орнатылған сауда павильондары бұзылып жатыр.