Заң мен тәртіп: Елордада заңсыз орнатылған сауда павильондары бұзылып жатыр
Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы «Есіл» ауданы әкімінің аппаратымен бірлесіп аудан аумағындағы заңсыз орнатылған сауда павильондарын демонтаждау бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz тілшісі.
«Аталған жұмыстар көшедегі ретсіз сауданы жүйелеу, қала келбетін жақсарту және сауда нысандарын орналастыру талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Жалпы, 2025 жылы қала бойынша 225 заңсыз орнатылған павильон бұзылса, 2026 жылдың басынан бері тағы 15 нысан алынып тасталды», - деді Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы сауда және қызмет көрсетуді дамыту бөлімінің басшысы Әділ Капсалямов.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, заң нормалары мен санитарлық талаптарды сақтау мақсатындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады.