«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн»: елордада қалалық семинар өтті
30 қараша, 2025
Астана қаласы Білім басқармасынан
«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы аясында Астана қаласы Әйелдер және отбасы істері жөніндегі комиссиясының және қалалық Білім басқармасының қолдауымен Балаларды қолдау орталығының базасында «Идеядан – әрекетке» атты қалалық семинар өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Іс-шараға Астана, Ақмола, Павлодар және Теміртау қаласының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының директорлары мен орынбасарлары, әдіскерлері және тәрбиешілері қатысты.
Семинар барысында тәрбиешілер тәлімгер, ал балалар белсенді қатысушы болған тақырыптық шеберлік сағаттарына қатысты.
Іс-шара соңында эмоционалдық тренинг-рефлексия өтті.
Барлық қатысушыларға сертификаттар мен балалар жасаған гипс бұйымдары түріндегі естелік сыйлықтар табысталды.
Ұқсас жаңалықтар
10 мамыр, 2026
Табиғи және тарихи нысандарды бүлдіргендер қатаң жазаланады - ІІМ ескерту жасады
8 мамыр, 2026
ЕҚЫҰ өкілі Қазақстан сот жүйесіндегі цифрландыру жетістіктерін жоғары бағалады
6 мамыр, 2026
БҰҰ өкілдеріне еліміздің жаңа Конституциясы таныстырылды
6 мамыр, 2026
Елімізде «жасыл» энергия өндірісі 15 пайызға өсті