07.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қызылорда облысында 44,3 млн теңге субсидия қаржысы мақсатсыз жұмсалған

|
Photo: фото: t.me/kzlsud
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қызылорда облысында 44,3 млн теңге субсидия қаржысы мақсатсыз жұмсалған

|
Photo: фото: t.me/kzlsud

Қызылорда облысы Жалағаш ауданының прокуратурасы ауыл шаруашылығы саласында инвестициялық субсидия беру кезінде заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді, деп хабарлады Elordainfo.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Нәтижесінде жалпы сомасы 44,3 млн теңгені құрайтын бюджет қаражатының мақсатсыз пайдаланылғаны анықталды.

Тексеру барысында шаруа қожалығы ауыл шаруашылығы техникаларын лизингке алу шарттары бойынша субсидия қаражатын алғанымен, белгіленген талаптарды толық орындамағаны белгілі болды.

Нәтижесінде, Қызылорда облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен 44,3 млн теңге көлеміндегі инвестициялық субсидия мемлекетке қайтару жөнінде шешім қабылданды. 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗