Халықаралық World Boxing федерациясы 2026 жылғы әлем кубогы кезеңдерінің кестесін жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бірінші кезең сәуір айында Бразилияда өтеді. Екінші кезеңді Қытай қабылдайды, ол маусым айына жоспарланған.
Финалдық кезең қараша айында Өзбекстанда өтеді. Дегенмен нақты күні мен жарыс өтетін қала кейінірек жарияланады.
Сондай-ақ алдын ала жарыс күнтізбесіне жазғы маусымда өтетін U19 жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты енгізілген. Өтетін орны әлі анықталмаған.