Үстел теннисінен Сауд Арабиясында өткен турнирде қазақстандықтар 9 медаль еншіледі

11 желтоқсан, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Үстел теннисінен Сауд Арабиясында өткен турнирде қазақстандықтар 9 медаль еншіледі
Фото: Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің арнасы

Сауд Арабиясының Даммам қаласында үстел теннисінен WTA Youth Contender атты ірі халықаралық турнир өз мәресіне жетті, деп хабарлады Elordainfo.kz Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап. 

Бұл жарыста Қазақстан құрамасы тоғыз медаль еншіледі.

U11, жекелей сын

2-орын - Аделя Алжанова
3-орын - Шохина Миркодирова

U13, жекелей сын

1-орын - Жәния Бекмұхамбетова

U15, жекелей сын

2-орын - Алексей Маркин

U15, аралас жұптық сын

1-орын - Алексей Маркин / Айназ Әділгереева
2-орын - Кирилл Берников / Арайлым Сапабек
3-орын - Дагир Данияров / Жәния Бекмұхамбетова

U19, аралас жұптық сын

1-орын - Абдулла Мамай / Алиса Цвигун
3-орын - Нұрбол Тоқтамыс / Елизавета Лаврова

Еске салайық, бұдан бұрын Қазақстан үстел теннисінен Италиядағы турнирде қола медальға ие болғанын жарияладық.