Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткізілген кеңесте 2025-2035 жылдарға арналған Ғылым қалаларын құру және дамыту тұжырымдамасы ұсынылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Құжат ғылым қалаларын дамытудың негізгі бағытын анықтап, қалыптастыру модельдерін, институционалдық даму шараларын, ғылым мен бизнесті интеграциялау тетіктерін, сондай-ақ ресурстық базаны қалыптастыру тәсілдерін қамтиды.
Тұжырымдама ғылым қалашығын құруды көздеді және оның құрылымына технопарктер, инжинирингтік орталықтар, конструкторлық бюролар, роботтандыру орталықтары, сондай-ақ зертханалар мен R&D-алаңдар кіреді.
Ғылыми қала мәртебесін алуға қабілетті аумақтарды анықтау үшін өңірлердің ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық әлеуетіне кешенді талдау жүргізу жоспарлануда. Ғылымды құрумен және дамытумен мамандандырылған орган-Басқарушы компания айналысады.
Ғылым қалаларын құруды ресурстық қамтамасыз ету кәсіпкерлік сектордың жеке инвестициялары, МЖӘ тетіктері және екінші деңгейдегі банктердің қаражаты есебінен болжанады. Қаржыландыру инфрақұрылымды, жоғары оқу орындарының кампустарын, зертханалар мен ғылыми қалалар орталықтарын құруға бағытталады. Халықаралық қаржы институттарын тарту мүмкіндігі қарастырылуда.
Білім, ғылым және бизнестің интеграциясын күшейту үшін кәсіпорындардың қатысуымен ғылыми-инновациялық сессиялар өткізу, мамандандырылған инжинирингтік орталықтарды, конструкторлық бюроларды, роботтандыру орталықтарын дамыту, ғылыми-технологиялық технопарктер мен технологиялар трансфері орталықтарын құру ұсынылады.
Тұсаукесер қорытындысында вице-премьер Серік Жұманғарин Ғылым және жоғары білім министрлігіне Тұжырымдаманың барлық бағыты бойынша нысаналы индикаторларды егжей-тегжейлі пысықтауды және оларды қайта қарауға ұсынуды тапсырды.