Жаңа ашылатын жекеменшік мектептерді мемлекеттік қаржыландыруға мораторий жарияланады

Бүгін, 14:34
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Жаңа ашылатын жекеменшік мектептерді мемлекеттік қаржыландыруға мораторий жарияланады
Фото: freepik.com

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық құрылтай барысында Президент алға қойған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында білім беру саласын мемлекеттік қаржыландыру тетігін реформалау жөнінде шаралар қабылданатынын атап өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Үкіметтің алдына білім беру саласын мемлекеттік қаржыландыру тетігін шұғыл реформалау, сондай-ақ қаржыландырудың нақты критерийлерін әзірлеу міндетін қойды.

«Оқу-ағарту министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, жаңадан ашылатын жекеменшік мектептерде мемлекеттік тапсырысты орналастыруға мораторий енгізуді тапсырамын. Мемлекеттік қаржыландырумен өңірлердің оқушы орындарына деген шұғыл қажеттілігін жабатын жекеменшік мектептер ғана қамтамасыз етілгені жөн. Қымбат элиталық мектептерді қаржыландыруды тоқтату керек. Оқу-ағарту министрлігі бір айдың ішінде жекеменшік оқу орындарының жаңа стандарттарға сәйкестігі тұрғысында лицензиядан кейінгі бақылау жүргізсін. Нәтижесі бойынша ақпарат енгізілсін», - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Бұған дейін Үкімет инфляцияны 9-11%-ға дейін төмендету үшін шаралар қабылдайтынын жаздық.