Үкімет инфляцияны 9-11%-ға дейін төмендету үшін шаралар қабылдайды

Үкімет инфляцияны 9-11%-ға дейін төмендету үшін шаралар қабылдайды
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет инфляцияны 9-11%-ға дейін төмендету үшін шаралар кешенін қабылдайды. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бағаларды тұрақтандыру үшін биылдан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі 19-дан 31-ге дейін кеңейтілді.

Сондай-ақ, табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтері өскен кездегі тигізетін ықпалы қатаң қадағаланбақ. Ол инфляцияның нысаналы параметрлеріне байланысты шектеледі.

Одан бөлек вице-премьердің ақпараты бойынша, бизнеске қолайлы болуы үшін және Салық кодексін тиімді енгізу мақсатында Жобалық кеңсесі құрылған. Бұл консультациялар мен сүйемелдеу үшін бірыңғай терезе болады.

«Жоспарланған шаралар халықтың әл-ауқатының артуымен қатар жүретін одан әрі орнықты және сапалы өсу үшін негіз жасайды. Барлық сындарлы ұсыныстар мұқият қаралып, қорытындысы бойынша түзетулер енгізудің орындылығы мен қажеттілігі айқындалатын болады », - деп атап өтті вице-премьер.

Еске салсақ, Мемлекет басшысының 20 қаңтарда өткен Ұлттық құрылтайда берген тапсырмаларын орындауға қатысты Үкімет отырысы өтіп жатыр.