Тұтынушыға құқығы: Жыл басынан бері азаматтардың 405 млн теңгесі қайтарылды

Тұтынушыға құқығы: Жыл басынан бері азаматтардың 405 млн теңгесі қайтарылды
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Биылғы жылдың 1-тоқсанында Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті мен аумақтық департаменттері 22 мыңнан астам өтінішті қарады. Орталық коммуникациялар қызметінде комитеттің төрағасы Болат Танабергенов осылай мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz. 
 
Келіп түскен өтініштердің 7,3 мыңы немесе 32,6 пайызының талаптары қанағаттандырылды. Осы өтініштер бойынша тұтиынушыларға құқықтық көмек көрсетіліп, тиісті түсіндіру жұмысы жүргізілді. 
Болат Танабергеновтің айтуынша, ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде 5,7 мың өтініш құзыреті бойынша бейінді мемлекеттік органдарға жіберілді. Бүгінгі күні мың өтініштердің 11% қаралуда не өтініш беруші кері қайтарып алған.

«І тоқсанда аумақтық департаменттер кәсіпкерлік субъектілеріне 308 тексеру жүргізді. Мемлекеттік бақылау нысандарының ең көбі Астана және Алматы қалаларында, Түркістан облысында, Алматы облысында. Тексеру қорытындысы бойынша бизнес субъектілеріне қатысты жалпы сомасы 12 млн теңгеге 430 әкімшілік іс қозғалды. Жыл басынан бергі 3 айда жалпы сомасы 405 млн теңгеге тұтынушылардың құқығы (қайтару, айырбастау, ауыстыру) қорғалды», - деді спикер.

Еске сала кетсек, су тұтынушылардың «Қазсушар» алдындағы берешегі шамамен 1 млрд теңгеге жетті.