Төрт облыста су қоймаларын реконструкциялау бойынша 5 жоба әзірленді
Бүгінгі таңда бес су қоймасын реконструкциялау бойынша жобалар әзірленді: үшеуі – Жамбыл облысында, екеуі – ШҚО-да. Жеті облыста 13 су қоймасы бойынша реконструкциялауды жобалау жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz ОКҚ-не сілтеме жасап.
«Биыл тағы 8 су қоймасын реконструкциялау жобаларын әзірлеу жоспарлануда, бұл Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарында», - деді ҚР су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Сонымен қатар, былтыр Абай облысындағы Шар су қоймасының, Жетісу облысындағы Қызылағаш су қоймасының, сондай-ақ, Қостанай облысындағы Албарбөгет бөгетінің реконструкциясы аяқталып, пайдалануға берілді.
Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысындағы ірі су қоймаларын су тасқыны кезеңіне дайындау аяқталғанын жаздық.