Төрт айдағы негізгі капиталға салынған инвестиция 4,9 трлн теңгеге жетті - вице-министр

Төрт айдағы негізгі капиталға салынған инвестиция 4,9 трлн теңгеге жетті - вице-министр
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Биылғы жылдың 4 айында негізгі капиталға салынған инвестициялар 4,9 трлн теңгеге жетті. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Оның айтуынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 6,5%ға жетті, оның ішінде нақты сектор 8,7%-ға, қызмет көрсету саласы 5,2%-ға өсті. Мұнда көлік, құрылыс, сауда, тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы салаларының үлесі басым.

4 айда негізгі капиталға салынған инвестициялар 6,7%-ға өскен.

«2025 жылы Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 20,5 млрд доллар болды, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 14,4%-ға артық. Халықаралық Moody’s,Standard & Poor's және Fitch рейтинг агенттіктері Қазақстанның егеменді рейтингін инвестициялық сенімділік деңгейінде жүйелі түрде растап отыратынын атап өткім келеді», – деді спикер.

Есе салсақ, елімізде туристік саладан мемлекетке 630 млрд теңгеден астам салық түскен.