Тоқаев Италия халқын Республика күнімен құттықтады

Бүгін, 20:27
Думан Аманжол Думан Аманжол
Тоқаев Италия халқын Республика күнімен құттықтады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Мемлекет басшысы Италия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Серджо Маттарелла мен оның отандастарын ұлттық мереке – Республика күнінің 80 жылдығымен құттықтады.

Президент Қазақстан мен Италия арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністікке негізделген стратегиялық серіктестіктің ерекше маңызын атап өтіп, екі елдің сан қырлы ықпалдастығы алдағы уақытта да қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Серджо Маттарелланың жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал Италия халқына құт-береке тіледі.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы осы елдің ұлттық мерекесіне орай Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелониге де құттықтау жеделхатын жолдады.