Тоқаев Испания Королін туған күнімен құттықтады

Бүгін, 10:08
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Тоқаев Испания Королін туған күнімен құттықтады
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Испания Королі VI Фелипені туған күнімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент жеделхатта екі ел арасындағы берік достыққа, сындарлы саяси диалог пен өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстарға негізделген стратегиялық серіктестік дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өткен.

Сондай-ақ ынтымақтастықты тереңдетудің мол әлеуетін пайдалана отырып, қазақ-испан қарым-қатынасын жаңа әрі сапалы деңгейге шығаруға мүдделі екенін растаған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Фелипенің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал испан халқына бақ-береке тіледі.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімін қабылдаған болатын.