Тоқаев БАӘ Президентіне хат жолдады

Тоқаев БАӘ Президентіне хат жолдады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянға хат жолдады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы хатында Таяу Шығыстағы қазіргі күрделі ахуал кезінде Біріккен Араб Әмірліктеріне қолдауы мен тілектестігін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның тегеурінді, парасатты әрі көреген басшылығымен БАӘ қауіп-қатерді еңсеріп, қарқынды стратегиялық даму бағдарын жалғастыратынына сенім білдірді.

Қазақстан Президенті дипломатия және сындарлы диалог ұзақмерзімді бейбітшілік пен тұрақтылыққа қол жеткізудің ең сенімді құралы екенін тағы да атап өтті.

Мемлекет басшысының бұл хаты өзара сенімнің жоғары деңгейін, ынтымақтастықтың стратегиялық сипатын және Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері халықтарының арасындағы шынайы бауырластық қарым-қатынасты растайтынын көрсетеді.