«Таза Қазақстан»: Үкімет қызметкерлері экологиялық акцияға қосылды
Үкімет аппаратының қызметкерлері Президенттің «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында сенбілікке қатысты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Премьер-министр мен вице-премьерлер бастаған Үкімет аппаратының қызметкерлері EXPO кешенінің аумағында сенбілікке қатысты. Экологиялық акция Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында өтті, оның негізгі қағидаттары – табиғатқа ұқыпты көзқарас қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау. Мұның барлығы Қазақстанның жаңа Конституциясында бекітілген.
Сенбілік барысында EXPO іскерлік кешенінің аумағына 130 ағаш отырғызылды, оның ішінде ақ тал, ұсақ жапырақты жөке ағашы және үшкір жапырақты үйеңкі бар.



Экологиялық іс-шаралар еліміздің барлық өңірлерінде өтіп жатыр. Ағаш отырғызу, іргелес аумақтарды жинау және су айдындарының жағалау учаскелерін тазарту жұмыстары жүргізілуде.
«Осы жылдың 25 сәуірінде өткен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына барлығы 980 мыңнан астам адам қатысты, 253 мыңнан астам ағаш отырғызылды, 46 мың гектарға жуық аумақ жиналды. Ірі қалаларда сенбілікке 170 мыңға жуық адам шықты, мәселен Астанада – 120 мың адам, Алматыда – 52 мың адам», делінеді хабарламада.
Еске салсақ, Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысып, Отан алдындағы адалдығын нақты ісімен көрсеткен бір топ азаматты марапаттады.