Таиландтағы халықаралық турнирге қатысатын боксшылар белгілі болды

Бүгін, 13:53
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Таиландтағы халықаралық турнирге қатысатын боксшылар белгілі болды
Фото: olympic.kz

Бангкокта (Таиланд) World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен бокстан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында алғаш рет Futures Cup халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.

Бапкерлер штабы аталған байрақты бәсекеге қатысатын ұлттық құрама тізімін жариялады.

Ерлер

50 келіге дейін: Арман Мырсәбит;

55 келіге дейін: Едіге Нұрғожа;

60 келіге дейін: Досжан Жұмақан;

65 келіге дейін: Даниял Шалқарбай;

70 келіге дейін: Бибарыс Әшірбай;

75 келіге дейін: Хамза Мақсатұлы;

80 келіге дейін: Тимур Тайбеков;

85 келіге дейін: Нұрсұлтан Қыстаубай;

90 келіге дейін: Жалғас Өтебеков;

90 келіден жоғары: Владислав Саможонов.

Әйелдер

48 келіге дейін: Асылай Мұрат;

51 келіге дейін: Айым Таңқыбаева;

54 келіге дейін: Марал Төлепберген;

57 келіге дейін: Ақнұр Тұрсынғали;

60 келіге дейін: Жасмин Абрамян;

65 келіге дейін: Айсұлу Мұхит;

70 келіге дейін: Камила Оспанова;

75 келіге дейін: Зарина Толыбай;

80 келіге дейін: Айдана Убайдуллақызы.

Айта кетейік, турнир 8-15 наурыз аралығында өтеді.

Бұған дейін конькимен жүгіруден әлем чемпионатына қатысатын спортшылар анықталған болатын.