07.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Тағы бір шетелдік әуе компания Қазақстанға ұша бастайды

|
Photo: фото: air-asia.ru
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Тағы бір шетелдік әуе компания Қазақстанға ұша бастайды

|
Photo: фото: air-asia.ru

Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Таиланд корольдігінің «Thai Air Asia X» лоукестері Қазақстан нарығына шығады. Тасымалдаушы Бангкок – Алматы бағыты бойынша аптасына 4 рет дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері тікелей тұрақты жолаушылар әуе рейстерін орындайды.

«Қазақстан мен Таиланд арасындағы тікелей әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени байланыстарды нығайтуға ықпал етеді»,- делінген министрліктің хабарламасында.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗