SWAT Challenge - 2026: Алғашқы күні қазақстандық командалар көш бастады
8 ақпан, 2026
Фото: polisia.kz
Дубайда әлемнің құқық қорғау органдарының ең үздік арнайы бөліністерінің арасында SWAT Challenge - 2026 халықаралық турнирі басталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жарысқа Қазақстан атынан бес команда қатысып жатыр. Турнирдің алғашқы күнінде-ақ «Томирис» командасы әйелдер құрамалары арасында бірінші орынды иеленді (жалпы есепте 22-орын).
Ерлер құрамалары да жоғары нәтиже көрсетті. Жалпы есеп бойынша қазақстандық командалар 1, 2, 4 және 10-орындарды иеленді.
Еске сала кетейік, 2025 жылы Қазақстан ІІМ-нің «Сұңқар» командасы әлем біріншілігінде екінші орынды жеңіп алған болатын.
Ұқсас жаңалықтар