27.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Шуда аса ірі көлемде гашиш сақтаған ер адам ұсталды

|
Photo: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Шуда аса ірі көлемде гашиш сақтаған ер адам ұсталды

|
Photo: Оңалхан Өнерхан

Шуда аса ірі көлемде гашиш сақтаған ер адам ұсталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері ІІМ-нің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетімен және «Сұңқар» арнайы бөлінісінің қызметкерлерімен бірлесіп, есірткі заттарын аса ірі көлемде сақтады деген күдікпен ер адамды ұстады.

Полиция қызметкерлері Шу қаласының 60 жастағы тұрғынының үйін, ауласын және шаруашылық құрылыстарын тексерді. Тінту барысында аулада орналасқан бастырманың астынан, жиһаздың артында жасырылған қара түсті полиэтилен пакет табылды. Пакетті полиция қызметкерлері Хэппи қызметтік иттің көмегімен анықтады. Пакет ішінен өзіне тән иісі бар жасыл түсті ұнтақ тәрізді зат анықталды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 915 грамм гашиш болып шықты. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі аса ірі мөлшердегі есiрткi заттарын заңсыз сақтау бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗