С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті алғаш рет QS World University Rankings by Subject 2026 халықаралық пәндік рейтингіне енді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Университет «Agriculture & Forestry» («Ауыл және орман шаруашылығы») бағыты бойынша 351–400 аралығындағы орынға ие болды.
Бұл жетістік университеттің білім беру және ғылыми қызметінің сапасын, сондай-ақ халықаралық академиялық кеңістіктегі ұстанымының нығайып келе жатқанын көрсетеді.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық жоғары оқу орны түркі әлемінің үздік бес университетінің қатарына енгені туралы жаздық.