ШҚО-да барымташылардан қару-жарақ арсеналы тәркіленді
19 тамыз, 2024
Фото: ҚР ІІМ
Шығыс Қазақстан облысында 70 астам мал ұрлап, тұрғындарға 47 млн теңгеден астам шығын келтірген барымташылар ұсталды, деп хабарлады Elordainfo.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Олар етті көбіне елдің оңтүстігінде саудалаған. Полицейлердің мәліметінше, топта төрт күдікті белсенді әрекет еткен.
«Сонымен қатар, ұсталғандардан атыс қаруының бірнеше түрі және 60 астам патрон тәркіленді. Олар бойынша сараптама тағайындалды. Айыпталушылар соттың санкциясымен қамалды. Тергеу әрекеттері жалғасуда және олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр», - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
10 сәуір, 2026
Түркістандық диқандар 45 күнде қырыққабаттың алғашқы өнімін жинай бастады
9 сәуір, 2026
Олжас Бектенов Абай облысындағы индустриялық жобалармен танысты
9 сәуір, 2026
Министрлік америкалық блогерді ведомство арнайы шақырды деген ақпаратты жоққа шығарды
9 сәуір, 2026
Қазақстан мен өңірдегі 150-ден астам ұйымның топ-менеджерлері ЖИ бойынша білім алады