Рудный қаласында тәртіп сақшыларына қатысты іс қозғалды

Бүгін, 13:57
Думан Аманжол Думан Аманжол
Рудный қаласында тәртіп сақшыларына қатысты іс қозғалды
Фото: polisia.kz

Қостанай облысында үш тәртіп сақшысы қамауға алынды, деп хабарлайды Elordainfo.kz тілшісі Қостанай облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Күдіктілер Рудный қаласы полиция басқармасында қызмет еткен. Оларды құқыққа қайшы әрекеттер жасады деген күдікпен 17 наурыз күні Қостанай облысы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік бөлінісі мен ҰҚК өңірлік департаменті бірлесіп ұстады.

Күдіктілер ішкі істер органдарынан теріс себептермен жұмыстан шығарылып, қамауға алынды.
Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасуда, деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Ішкі істер министрлігі заң бұзушылықтардың кез келген түріне қатысты қатаң және ымырасыз ұстаным бар екенін ескертті. «Заң бәріне бірдей» деген қағида басты назарда.

Еске салсақ, Атырау қаласы Полиция басқармасының бастығы қамауға алынған болатын