17 ақпан күні Милан және Кортина-д'Ампеццодағы қысқы Олимпиадада қазақстандық спортшылар төрт спорт түрінен бақ сынайды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
14:00 Шаңғы қоссайысы. Щаңғы жарысы, үлкен тұғыр
Шыңғыс Рақпаров
14:45 Фристайл-акробатика. Әйелдер іріктеу
Аяна Жолдас
17:30 Фристайл-акробатика. Ерлер іріктеу
Асан Асылхан, Шерзод Хаширбаев,
Дінмұхаммед Райымқұлов, Роман Иванов
19:43 Конькимен жүгіру. Командалық жарыс, әйелдер
Надежда Морозова, Арина Ильященко, Кристина Силаева,
22:45 Мәнерлеп сырғанау. Әйелдер, қысқа бағдарлама
Софья Самоделкина
Еске салсақ, кеше шорт-тректен ерлер арасындағы 500 метрге іріктеу жарысында Абзал Әжғалиев пен Денис Никиша сынға түсіп, екеуі де ширек финалға өтті.