27.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қостанайда орманды заңсыз кесу схемасы әшкереленді – ІІМ

|
Photo: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қостанайда орманды заңсыз кесу схемасы әшкереленді – ІІМ

|
Photo: Оңалхан Өнерхан

Қостанай облысында орманды заңсыз кесу схемасы әшкереленді, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.  

Полиция қызметкерлері прокуратурамен бірлесіп, ағаш дайындау және оны өткізу бойынша заңсыз қызметке күдікті топтың әрекетін тоқтатты. Топтың бір мүшесі орман қоры учаскесін өңдеу құқығын аукцион арқылы алған, алайда бұл рұқсатты заңсыз кесуді жасыру үшін пайдаланған.

Фигуранттардың «қарағай» тұқымдас ағашты дайындаумен және оны бақылауындағы арналары арқылы өткізумен айналысқаны анықталды. Тергеу іс-шаралары барысында арнайы техника, көлік құралдары, дайындалған ағаш, сондай-ақ шикізатты дайындау және айналымына қатысты құжаттар тәркіленді. Полицияға 20 фигурант, оның ішінде ұйымдастырушы, орындаушы және делдал ретінде қатысқан тұлғалар жеткізілді. Заңсыз схеманың барын растайтын айғақтар мен дәлелдер алынды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалып, кесілген орманның нақты көлемі мен мемлекетке келтірілген залал көлемі анықталып жатыр.

ІІМ орман қорының сақталуы мен еліміздің табиғи экожүйелерін қорғау мәселелерін тұрақты бақылауда ұстайды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗