Қостанай облысында отбасылық жанжал кезінде әйел адам жарақат алып, ұлы қаза тапты

Қостанай облысында отбасылық жанжал кезінде әйел адам жарақат алып, ұлы қаза тапты
Фото: freepik.com

Жітіқара қаласында отбасылық жанжал кезінде ер адам әйелі мен өгей ұлына пышақпен шабуыл жасады. Келіншек жарақат алып, ал оның 15 жастағы ұлы қаза тапты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қостанай облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқыс оқиға 25 сәуірде болған.

«Тұрмыстық жанжал барысында Жітіқара қаласының отыз жеті жастағы тұрғыны пышақ жарақатын алды, ал оның он бес жастағы ұлы алған жарақатының салдарынан оқиға орнында қайтыс болды.  Қазір адам өлтіру және адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», делінген хабарламада.

Зардап шеткен әйелдің күйеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір қанды оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетсек, Алматыда аялдамада зейнеткерді аяусыз ұрып-соққан күдікті ұсталды.