Алматыда аялдамада зейнеткерге шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Алматыда ер адам аялдамада зейнеткер әйелді аяусыз соққыға жыққан, деп хабарлайды Elordainfo.kz тілшісі.
Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Кадрлардан жас жігіттің ешбір себепсіз аялдамада тұрған әйелге шабуыл жасағаны анық көрінеді.
Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті анықталып, ол қолға түсті және уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын толық әрі әділ анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деп мәлімдеді басқармадан.
Полицияның мәлімдеуінше, құқық қорғау органдары жұмысының басты бағытының бірі - ол жазаның бұлтартпастығы қағидаты. Әсіресе күш қолдану арқылы жасалған құқық бұзушылық қатаң бақылауға алынып, кінәлілер заң алдында толық жауап береді.
Еске сала кетсек, прокуратура жеңіл жаза тағайындалды деп санаған екі қостанайлықтың ісі қайта қаралды.