26.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстандықтар енді бір уақытта бірнеше несие ала алмайды

|
Photo: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстандықтар енді бір уақытта бірнеше несие ала алмайды

|
Photo: Оңалхан Өнерхан

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Депутаттардың нормативтік актілерді нақтылауға және азаматтар мен бизнестің мүдделерін қорғауды күшейтуге бағытталған екінші оқылымға қатысты ұсыныстарын жұмыс тобы қолдады.

Негізгі бастамалардың қатарында заңды және жеке тұлғалардың шотына сыйақы есептеуге тыйым салуды алып тастау бар.

«Жеке тұлғалардың бірнеше банктен немесе микроқаржы ұйымынан бір сағат ішінде несие алуға өтініш беруіне қойылған шектеу сақталды. Несие бюролары алаяқтыққа қарсы Антифрод орталығына енгізіледі және алаяқтық әрекеттерді тексеру үшін жеке тұлғалардың екі немесе одан да көп банкке берген несие өтінімдері туралы ақпаратты бір сағат ішінде бөлісуге міндетті болады. Бастапқы биометриялық мәліметтерді алу және электронды цифрлық қолтаңбаны беру тек клиенттің жеке қатысуымен жүзеге асырылады», - делінген хабарламада.

Бұған дейін депутат Асхат Аймағамбетов дәрігерлерді жұмыс кезінде қорғайтын заң қажет екенін мәлімдеген болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗