26.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Өмір мен өлім мәселесі»: Аймағамбетов дәрігерлерге қатысты заң қажет екенін айтты

|
Photo: https://www.instagram.com/aimagambetov
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Өмір мен өлім мәселесі»: Аймағамбетов дәрігерлерге қатысты заң қажет екенін айтты

|
Photo: https://www.instagram.com/aimagambetov

Депутат Асхат Аймағамбетов Қостанай қаласында тәжірибелі уролог науқастарды қабылдап жатып, аяқ астынан жанжал туындап, оған шабуыл жасалу оқиғасын айтып, дәрігерді жұмыс кезінде қорғайтын заң қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

“Нәтижесі өте ауыр: дәрігердің бас сүйегі сынып, миына қан құйылып, ауыр жарақат алады. Ол 4 айға жұмыстан шығып қалады.

Бір қарағанда, жалғыз адам зардап шеккендей көрінеді. Бірақ сандарға жүгінейік. Бұл маман ауырған 4 айдын ішінде 960 адамды емдер еді. Ойланып қараңыздаршы: мыңға жуық қарапайым азаматтар, осының кесірінен, білікті көмек ала алмай қалды, біреудің дерті асқынды, біреуге уақытылы ота жасалмады”,- деді ол.

Аймағамбетовтің сөзінше, бір дәрігерді соққыға жығу іс жүзінде мың қазақстандықты ем-домсыз қалдыру деген сөз.

“Екінші жағдай, бұл тіпті өзекті. Жедел жәрдем бригадасы: фельдшер және жүргізуші. Үйге шақырту. Мас адамдар. Дәрігерлер есік алдында полицияны күтіп тұра алмайды, себебі әр минут санаулы, мүмкін ол жақта адам өлейін деп жатқан шығар. Олар үйге кіреді. Агрессия басталады. Фельдшерді ғана емес, жүргізушіні де ұрады. Ал жедел жәрдем жүргізушісі деген кім? әсіресе әйел дәрігер болғанда, ол фельдшердің жалғыз қорғаушысы, ол көмекші де, тіпті тасушы рөлін де атқарады. Нәтижесінде, орташа жарақат, жүргізуші мен фельдшер 15 күнге ауруханаға түседі. Осы екі аптада, бұл бригада 120 шақыртуға баруы мүмкін еді.

Әріптестер, біз мынаны анық түсінуіміз керек: жедел жәрдемге шабуыл жасау деген, бұл жай ғана төбелес емес”,- деді депутат.

Депутат мас бұзақы, жүргізушіні ұрған кезде, ол оны ғана ұрып жатқан жоқ екенін назарға алды.

“Ол көрші көшеде, тынысы тоқтап жатқан, дене қызуы көтеріліп, сол жәрдемді күтіп жатқан кішкентай баланы ұрды. 

Ол инсульт немесе инфаркт алған, енді сол жедел жәрдем оған жете алмайтын әжені ұрды. 

Яғни, бір бұзақының кесірінен, жедел жәрдемнің бір бригадасы, бір көлігі істен шығып қалды. Сондықтан осы жәрдемнің науқастарға жету уақыты ұзарды. Ал инфаркт пен инсульт кезінде есеп сағатпен емес, минутпен өлшенетінін жақсы білеміз. Сондықтан бұл – өмір мен өлім мәселесі”,- деді Аймағамбетов.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗