Қазақстандық лоукостер бірқатар бағыттарға мерекелік жеңілдік жасайды

Бүгін, 13:42
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Қазақстандық лоукостер бірқатар бағыттарға мерекелік жеңілдік жасайды
Оңалхан Өнерхан

Қазақстандық лоукостер FlyArystan өзінің жеті жылдығына орай мерекелік сатылым жариялайды, деп хабарлайды Elordainfo.kz әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тек 5 және 6 мамыр күндері әуекомпанияның барлық ішкі бағыттар желісі бойынша, сондай-ақ бірқатар танымал халықаралық бағыттардың әуебилеттеріне 20% жеңілдік ұсынады:

– Астанадан – Газипашаға, Үрімші, Кутаиси және Ташкентке;
– Алматыдан – Газипашаға, Самарқанға және Кутаисиге;
– Ақтаудан – Кутаиси және Бакуге;
– Атыраудан – Кутаисиге.

Науқан аясындағы билеттер бойынша сапар кезеңі – 2026 жылғы 8 қыркүйектен 21 қазанға дейінгі күзгі маусымды қамтиды. Бұл жолаушыларға сапарларын алдын ала жоспарлап, тиімді баға мен бағыттың оңтайлы үйлесімін таңдауға мүмкіндік береді.

Мерекелік сатылым FlyArystan әуекомпаниясының сапарды алдын ала жоспарлау мәдениетін қалыптастыру арқылы әуе қатынасын жолаушылар үшін барынша қолжетімді әрі болжамды етудегі ұстанымын көрсетеді. Компания құрылған сәттен бастап билеттердің 40%-ы 20 000 теңгеге дейінгі бағада сатылған, бұл лоукост-моделіне деген тұрақты сұранысты айқын дәлелдейді.

Билеттер www.flyarystan.com ресми сайтында, FlyArystan мобильді қолданбасында және басқа да сату арналары арқылы қолжетімді. Стандартты тарифке өлшемі 56×23×36 см-ден және салмағы 7 кг-нан аспайтын бір дана қолжүгі кіреді. Әуекомпаниясы қосымша қызметтерді алдын ала онлайн рәсімдеуді ұсынады.

Еске салайық, бұған дейін отандық әуе компанияның сұраныстың өсуіне байланысты Астана мен Ақтаудан ұшатын рейстерді көбейтіп жатқаны туралы жаздық.