Референдум-2026

Қазақстан Елшісі Бахрейн Короліне сенім грамоталарын тапсырды

Бүгін, 12:34
Думан Аманжол Думан Аманжол
Қазақстан Елшісі Бахрейн Короліне сенім грамоталарын тапсырды
Фото: Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан Республикасының Бахрейн Корольдігіндегі Елшісі қызметін қоса атқарушы Мадияр Меңілбеков Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифаға сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Салтанатты рәсім барысында Қазақстан Елшісі Бахрейн Короліне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізін жеткізіп, қазақстандық тараптың екі мемлекет арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бейілдігін растады.

Өз кезегінде, Король Хамад Әл Халифа Қазақстан мен Бахрейн арасындағы екіжақты қатынастардың жоғары деңгейін атап өтіп, ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша өзара іс-қимылды кеңейтуге дайын екенін білдірді, сондай-ақ қазақстандық дипломаттың қызметіне жемісті жұмыс тіледі.

Еске салсақ, Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Ералы Тоғжанов Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевке сенім грамоталарын тапсырды.