Референдум-2026

Ералы Тоғжанов Өзбекстан Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Бүгін, 10:42
Думан Аманжол Думан Аманжол
Ералы Тоғжанов Өзбекстан Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Фото: Сыртқы істер министрлігі

Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Ералы Тоғжанов Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевке сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Салтанатты рәсім барысында Ералы Тоғжанов Өзбекстан басшысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізі мен ізгі тілектерін жеткізді.

«Шавкат Мирзиёев екі ел қатынастарының серпінді дамып келе жатқанын атап өтіп,  бауырлас халықтар арасындағы тарихи достық байланыстар стратегиялық әріптестік пен одақтастықты дәйекті түрде нығайтудың берік негізі болып табылатынына ерекше тоқталды», - делінген хабарламада.

Тараптар саяси диалогты ары қарай нығайтуға, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға өзара мүдделілікті растады.

Еске салсақ, Мемлекет басшысының жарлығымен Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалған болатын.