Президент жарлығымен үш мемлекетке Қазақстан елшісі тағайындалды
Мемлекет басшысының жарлықтарымен Ұлыбритания, Өзбекстан және Румынияға Қазақстан елшісі тағайындалды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының жарлығымен Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды. Бұл қызметті бұрын Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов атқарған еді.
Мемлекет басшысының жарлығымен Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Мемлекет басшысының жарлығымен Амангелді Ғазезұлы Саинов Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды. Бұл қызметті бұрын атқарған Ерлік Әли лауазымынан босатылды.