Қазақстан экономикалық күрделілік индексі бойынша 55 орынға көтерілді
Harvard Growth Lab экономикалық күрделілік индексінің (экономикалық кешенділік индексі, ECI) нәтижелерін жаңартты. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан 0,38 баллмен әлемдегі 145 елдің ішінен 55-орынға ие болды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Өткен жылдарға көз салсақ, рейтингтің 2023 жылғы алдыңғы нұсқасында Қазақстан 0,44 көрсеткішімен 89-орынды иеленді. Жаңартылған нұсқада сол 2023 жылы 0,45 баллмен 52 орынға жетті. Бұл көрсеткіштен 2023 жылдан бастап Қазақстанды экономикасы анағұрлым күрделі экономикалы ел ретінде көруге болады.
Иә, 2024 жылдың қорытындысы бойынша көрсеткіш 52-ден 55-орынға дейін төмендеді. Алайда басқасынан гөрі стратегиялық тұрғыдан маңызды мәселеге тоқталсақ, ел күрделілік индекс деңгейі бойынша әлемдік 50 экономикаға жақындап, құрылымдық серпіліс жасады.
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында (күші жойылған) - Қазақстанның экономикалық күрделілік индексінде 2025 жылы 55-орынға жетуі нысаналы бағдарлардың бірі болғанын атап өту маңызды. Шын мәнінде, бұл эталонға қол жеткізілді.
Көрші елдермен салыстырсақ, 2020-2024 жылдары Қазақстан ең өткір құрылымдық серпіліс көрсетті-87-ден 55-орынға (+32 позиция).
Өзге елдермен салыстырсақ, Өзбекстан позицияларды қалыпты түрде жақсартты (86-дан 70-ке дейін), Қырғызстан іс жүзінде тоқырауда (78 → 72), Түрікменстан аутсайдерлер қатарында қалады (127 → 126), ал Ресей осы кезеңде айтарлықтай төмендеді (38 → 67).
Осылайша, көрші елдердің фонында Қазақстан экономикалық күрделіліктің өсуі тұрғысынан неғұрлым серпінді. Қазақстанның позициясының өсуі - бұл рейтингтегі орынның өзгеруі ғана емес, экономикадағы құрылымдық өзгерістердің белгісі.