Қазақстан дипломдарын халықаралық деңгейде тану ауқымы кеңейетін болды

Бүгін, 13:19
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Қазақстан дипломдарын халықаралық деңгейде тану ауқымы кеңейетін болды
Фото: freepik.com

Сенат ЮНЕСКО бастамасымен қабылданған Жоғары білім біліктіліктерін мақұлдау туралы Азия-Тынық мұхиты аймақтық конвенциясын (Токио конвенциясы) ратификациялады, деп хабарлады Elordainfo.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құжат Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі елдер – Қытай, Жапония, Корея, Аустралия, Жаңа Зеландия, Моңғолия және басқа да мемлекеттер арасындағы дипломдарды танудың бірыңғай ережесін белгілейді.

Қазақстан ортақ стандарттарды, міндетті ақпарат алмасуды және білім туралы құжатарды растаудың жеделдетілген рәсімін бекітеді. Сондай-ақ, конвенция біліктілік жөніндегі ақпарат алмасуға арналған халықаралық APNNIC желісіне қолжетімділікті ұсынады.

Қазақстан Токио конвенциясына қосылған Орталық Азиядағы алғашқы ел атанып отыр, бұл елдің өңірлік білім беру хабы ретіндегі позициясын нығайтады.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ университетінде дәріс оқығанын жаздық.