Референдум-2026

Қасым-Жомарт Тоқаев Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін, 10:34
Думан Аманжол Думан Аманжол
Қасым-Жомарт Тоқаев Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессо мен оның отандастарын ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент еліміз Конго Республикасын Африка құрлығындағы маңызды серіктес санайтынын атап өтті. Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дени Сассу-Нгессоның жауапты қызметіне толайым табыс, достас Конго халқына құт-береке тіледі.

Еске салсақ, Президент Модиді Үндістанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады.