Президент елордадағы жеңіл рельсті көлік желісін ұзартуға пәрмен берді

Президент елордадағы жеңіл рельсті көлік желісін ұзартуға пәрмен берді
Фото: CTS

Астананы дамыту жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы жеңіл рельсті көлік желісін ұзартуды және Қабанбай батыр даңғылында екі деңгейлі жол салу ұсынысын қолдады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жеңіл рельсті көлік жобасы да өте маңызды. Көп ұзамай оны толық іске қосу керек. Мен жеңіл рельсті көлік желісін ұзарту туралы ұсынысты қолдаймын. Бұл қадам көлік кептелісін азайтуға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Үкімет ең алдымен жобаны қаржыландыру мәселесін шешуге тиіс. Сондай-ақ Қабанбай батыр даңғылында екі деңгейлі жол салу туралы ұсынысқа қолдау білдіремін. Жобаның құжаттарын келесі жылы әзірлеп, 2027 жылы құрылысты бастау қажет. Бұған қоса, Үкімет әкімдікпен бірлесіп, Тәуелсіздік даңғылын ұзарту жұмысын жалғастыруы керек», - деді Президент.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы қоғамдық көліктердің санын көбейту қажет айтқанын жаздық