Мемлекет басшысы: Қоғамдық көліктердің санын көбейту қажет

Бүгін, 17:30
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Мемлекет басшысы: Қоғамдық көліктердің санын көбейту қажет
фото: Оңалхан Өнерхан

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы дамыту жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

«Көлік-логистика инфрақұрылымын одан әрі дамыту маңызды. Қалада сапалы және қолайлы инфрақұрылым болуға тиіс. 

Биыл Астананың көлік жүйесін дамытудың 2035 жылға дейінгі кешенді бағдарламасы қабылданды. 

Бұл құжаттағы іс-шараларды дер кезінде жүзеге асыру керек. 

Қаладағы көлік инфрақұрылымына назар аудару керек. Азаматтар жолдың сапасы нашар екенін айтып, жиі шағымданады. Қоғамдық көліктердің қызметіне қатысты мәселелер де бар. 

Келеңсіз жайттар Астананың абырой-беделіне нұқсан келтіреді. 

Қоғамдық көліктер ең алдымен тұрғындарға ыңғайлы болуы керек және уақтылы жүруге тиіс. Жеке көліктен гөрі автобуспен жүрудің тиімді болғаны жақсы. Сондықтан қоғамдық көліктердің санын көбейту қажет», - деді Президент. 

Еске салайық, бұған дейін Президент қалдықтарды қайта өңдеудің заманауи жүйесін қалыптастыруды жеделдету керектігін айтты.