06.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Полиция қызметкерлері есірткі зертханасын жойды

|
Photo: Фото: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Полиция қызметкерлері есірткі зертханасын жойды

|
Photo: Фото: Оңалхан Өнерхан

Алматы облысының Талғар ауданында полиция қызметкерлері жергілікті тұрғынның есірткі зертханасын анықтап, жойды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Polisia.kz мәліметінше, «Құқықтық тәртіп» және «Қарасора – 2024»  жедел-профилактикалық іс-шаралары шеңберінде жүргізілген операция барысында өз үйінде есірткі зертханасын жасаған Қызылқайрат ауылының 36 жастағы тұрғыны ұсталды.

«Сараптама нәтижесіне тәркіленген өсімдік жалпы салмағы 1,2 келіден астам кептірілген марихуана екенін растады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, есірткі құралдарымен заңсыз айналысқаны үшін оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Полиция ықтимал тарату арналары мен қылмыстық әрекетке қатысушыларды анықтауға бағытталған тергеуді жалғастырып жатыр», - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, жыл басынан бері өңірдің тәртіп сақшылары он екі есірткі зертханасының қызметін тоқтатты, олардың үшеуі құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру бойынша тікелей жұмыс істеген.
 

 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗