Педагогтерді аттестаттауға қатысты жан-жақты түсіндірме беріледі – министрлік

Бүгін, 15:43
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Педагогтерді аттестаттауға қатысты жан-жақты түсіндірме беріледі – министрлік
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрлігі педагогтерді аттестаттаудың жаңа ережесін әзірлеу жұмысын жалғастырып жатыр. Қазіргі уақытта құжаттың жобасы талқылау және келісу кезеңінде, деп хабарлайды Elordainfo.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде таралып жатқан материалдар ресми бекітілген құжат болып табылмайды және ереженің соңғы редакциясы емес.

«Дүйсенбі күні аталған мәселе бойынша ресми брифинг өткізіліп, құжат жобасына қатысты жан-жақты түсіндірме беріледі. Брифингтен кейін жоба кеңінен қоғамдық және азаматтық қоғам өкілдерінің талқылауына ұсынылады.

Педагогтер қауымдастығының, сарапшылар мен қоғам өкілдерінің пікірлері мен ұсыныстары министрлік үшін маңызды. Ашық әрі мазмұнды талқылау нәтижесінде тиімді және әділетті жүйе қалыптастыру көзделеді», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, елімізде педагогтерді аттестаттау жүйесі өзгереді.