Павлодарда қайтыс болғандарды дәрігер «қабылдап», гинеколог ер адамдарға «консультация» берген

Бүгін, 10:42
Думан Аманжол Думан Аманжол
Павлодарда қайтыс болғандарды дәрігер «қабылдап», гинеколог ер адамдарға «консультация» берген
Фото: Оңалхан Өнерхан

Павлодар қаласының прокурорлары Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бюджет қаражатының жұмсалуын тексерді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Тексеру барысында жалған қызмет көрсету фактілері анықталған.

«Мысалы, невропатолог, кардиолог, хирург, психолог және басқа да тар бейінді мамандардың қабылдауы қайтыс болған адамдарға, акушер-гинеколог дәрігердің консультациялары ер адамдарға «көрсетілген». Емдеу қызметін қайталау арқылы қосарланған төлем жасау жағдайы тіркелді. Сондай-ақ тиісті маман сертификатымен рұқсат құжаты жоқ тұлғалардың халыққа медициналық көмек көрсеткені анықталды», делінген хабарламада.

Қазір қадағалау актілері негізінде аталған заңбұзушылық жою, рұқсат беру құжатын алу міндетттеу, кінәлі тұлғалар заң аясында жауапқа тарту жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге, 100 млн теңгеден астам келтірілген шығын өтелді. 

Ал сот қарауында медицина саласында заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру арқылы 62 млн теңге көлемінде мемлекеттік қаражатты жымқыру және 41 млн теңге көлемінде мемлекетке залал келтіру фактілері бойынша екі қылмыстық іс бар.

Ақтөбедегі комиссиялық дүкен 93 млн теңге заңсыз табыс тапқан.