26.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Павлодарда магнит арқылы есірткіні жасырын қойып жүрген күдікті ұсталды

|
Photo: Ішкі істер министрлігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Павлодарда магнит арқылы есірткіні жасырын қойып жүрген күдікті ұсталды

|
Photo: Ішкі істер министрлігі

Павлодар облысы Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы полиция қызметкерлері мен облыстық прокуратура бірлесіп, магниттің көмегімен есірткі жасырған 23 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлады Elordainfo.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ер адам жедел шара барысында ұсталды. Оның гараждардың темір қақпаларына есірткі салынған орамаларды магнитпен жабыстырып, кейін суретке түсіріп, орналасқан жерінің мәліметтерін жіберіп отырғаны анықталды. Ұстау кезінде оның жанынан ақ түсті ұнтақ салынған, изолентаға оралған бес клипбокс табылды. Сонымен бірге полиция қызметкерлері күдіктінің смартфонын тәркіледі. Онда тыйым салынған заттар жасырылған орындар мен сипаттамасы болған. Кейін Павлодар аумағында жедел уәкілдер есірткі салынған 25 жасырын орынды тапты», - деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.

Ведомство мәліметінше, әр жасырын ораманың ішінде кішкентай магнит болған. Сол магниттің көмегімен құбырларға, есіктерге және басқа металл беттеріне бекітіліп отырған.

Зерттеу нәтижесі бойынша, орамалардың ішінен жалпы салмағы 17 грамнан асатын синтетикалық есірткі табылған. Бұл аса ірі көлем болып саналады.

Қазіргі уақытта есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын заңсыз дайындау, өңдеу, өндіру және сату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті қамауда отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗