Парламент «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Парламент «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады
Фото: Мәжіліс

Парламент Палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру мақсатында әзірленген «Қазақстан Халық Кеңесі» туралы Конституциялық заң жобасы бойынша баяндама жасады.

Заң жобасында Қазақстан Халық Кеңесінің жоғары конституциялық консультативтік орган ретіндегі құқықтық мәртебесі бекітіліп, оның мақсаттары, міндеттері, қызмет қағидаттары, сондай-ақ өкілеттіктері, құрылымы мен қалыптастырылу тәртібі айқындалады.

Парламент палаталарының заң жобасы жөніндегі бірлескен комиссиясының құрамына Мәжілістен депутаттар Ерлан Саиров, Аманжол Әлтай және Наталья Дементьева, Сенаттан депутаттар Нұртөре Жүсіп, Нурия Ниязова және Алишер Сатвалдиев кірді. Комиссия төрағасы болып Нұртөре Жүсіп сайланды.