Париж Олимпиадасында 11 жасар спортшы бақ сынайды
19 тамыз, 2024
коллаж Elorda.info
Қытайлық скейтбордшы қыз Чжэн Хаохао Париж Олимпиадасында өнер көрсетеді. Ол төртжылдықтың басты додасындағы ең жас қатысушы атанды, деп хабарлады Elorda.info.
Championat мәліметше, спортшының жасы небәрі 11-де.
Чжэн 2021 жылы 8 жасында Қытайдың ұлттық ойындарына қатысып, 14-орын алған болатын. Ал 2023 жылы Будапештте өткен іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, Париж Олимпиадасына жолдаманы жеңіп алды.
Ал Париждегі аламанда ең егде жастағы қатысушының жасы 65-те. Испаниялық Хуан Антонио Хименес Кобо ат спортынан бақ сынайды.
Жалпы, Қытай атынан Олимпиада ойындарына 388 атлет қатысады, олар 33 спорт түрінен бақ сынайды.
Ұқсас жаңалықтар
14 маусым, 2026
Қазақстан Қытайда өткен триатлоннан Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды
14 маусым, 2026
Бүгін елордада Phygital Contenders Astana 2026 чемпиондары анықталады
14 маусым, 2026
Ұландық спортшы панкратионнан Азияның үш дүркін чемпионы атанды
12 маусым, 2026
Билли Джин Кинг кубогы: қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды