ҚР Орталық сайлау комиссиясы 23 тамызда өткен Қазақстан Республикасы Құрылтайына депутаттарды сайлау бойынша дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz комиссияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дауыс беру нәтижесі:
«Әділет» партиясы 6 528 948 адам немесе 71,17 %;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) 469 058 адам немесе 5,11%;
«Байтақ» жасылдар партиясы 97 751 адам немесе 1,07%;
Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) 285 395 адам немесе 3,11%;
«Ауыл» партиясы 574 621 адам немесе 6,26%;
«Ақ жол» демократиялық партиясы 478 083 адам немесе 5,21%;
Respublica партиясы 509 631 адам немесе 5,56%.
230 446 адам немесе сайлаушылардың 2,51 пайызы бәріне қарсы дауыс берген
Еске салсақ, сайлауда 9 352 151 сайлаушы дауыс берді. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 74,19%-ы.