9,3 млн қазақстандық Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді

9,3 млн қазақстандық Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Орталық сайлау комиссиясы еліміздің барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталғанын хабарлайды. Учаскелік сайлау комиссиялары дауыстарды санауға кірісті., деп хабарлайды Elordainfo.kz комиссияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сайлау заңының нормаларына сәйкес сайлау учаскелерінде дауыстарды санау уақыты дауыстарды санау басталған сәттен бастап, 12 сағаттан аспауы тиіс.

Аумақтық сайлау комиссиялары Орталық сайлау комиссиясына электрондық байланыс арналары арқылы дауыс беру мен есептеудің алдын-ала нәтижелері туралы мәліметтерді ұсынады.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 20.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруге қатысу үлесі:

1. Астана қаласы бойынша – 51,67%
2. Абай облысы бойынша – 81,41%
3. Ақмола облысы бойынша – 82,69%
4. Ақтөбе облысы бойынша – 88,30%
5. Алматы облысы бойынша – 71,17%
6. Атырау облысы бойынша – 70,74%
7. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 73,38%
8. Жамбыл облысы бойынша – 85,18
9. Жетісу облысы бойынша – 91,19%
10. Қарағанды облысы бойынша – 76,28%
11. Қостанай облысы бойынша – 76,47%
12. Қызылорда облысы бойынша – 90,75%
13. Маңғыстау облысы бойынша – 71,38%
14. Павлодар облысы бойынша – 71,20%
15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 77,31%
16. Түркістан облысы бойынша – 92,16%
17. Ұлытау облысы бойынша – 70,72%
18. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 87,50%
19. Алматы қаласы бойынша – 43,23%
20. Шымкент қаласы бойынша – 75,42%.

Фото: ҚР Орталық сайлау комиссиясы



Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 9 352 151 сайлаушы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 74,19%-ы.

ҚР Құрылтайына депутаттарды сайлау бойынша дауыс берудің алдын-ала нәтижелері арнайы брифингте жарияланады. Брифингтің уақыты қосымша хабарланады.