12.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Нұрғиса Әділетұлы Ислам ынтымақтастығы ойындарының үш дүркін жеңімпазы атанды

|
Photo: Спорт және дене шынықтыру істері комитетінен
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Нұрғиса Әділетұлы Ислам ынтымақтастығы ойындарының үш дүркін жеңімпазы атанды

|
Photo: Спорт және дене шынықтыру істері комитетінен

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Нұрғиса Әділетұлы Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында тағы екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қазақстандық зілтемірші 94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тамаша нәтиже көрсетті.

Серпе көтеруде ол 210 келіні бағындырып, үздік шықты.

Сондай-ақ ол қоссайыс қорытындысы бойынша да топ жарып, 385 келіні еңсерді.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрғиса Әділетұлы жұлқа көтеруде 175 келіні бағындырып, алтын медаль жеңіп алған еді.

Қазақстан құрамасының қоржыны 8 медальмен (4 алтын, 1 күміс және 3 қола) толықты. Бұл нәтижемен еліміз жалпыкомандалық есепте 4-орынға тұрақтады.

Медальдық есеп:

1. Түркия – 68 медаль (43 алтын, 14 күміс, 11 қола);

2. Мысыр – 27 (10 алтын, 6 күміс, 11 қола);

3. Өзбекстан – 34 (9 алтын, 16 күміс, 9 қола);

4. Қазақстан – 26 (8 алтын, 7 күміс, 11 қола);

5. Нигерия – 14 (6 алтын, 5 күміс, 3 қола);

6. Индонезия – 20 (4 алтын, 12 күміс, 4 қола);

7. Әзірбайжан – 29 (4 алтын, 9 күміс, 16 қола);

8. Иран – 22 (4 алтын, 4 күміс, 14 қола);

9. Бахрейн – 6 (2 алтын, 2 күміс, 2 қола);

10. Уганда – 4 (2 алтын, 1 күміс, 1 қола).

Бүгін қазақстандық спортшылар жүзу, үстел теннисі (жұптық сын), ауыр атлетика, каратэ (WKF) және муай-тайдан бақ сынайды.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗