Меркіде 11 балаға тиесілі жәрдемақы төленбеген

Бүгін, 13:56
Думан Аманжол Думан Аманжол
Меркіде 11 балаға тиесілі жәрдемақы төленбеген
Фото: freepik.com

Жамбыл облысының Меркі ауданы прокуратурасы №9 колледж қызметінде кәмелетке толмағандардың құқықтарын сақтау мәселесі бойынша заңдылыққа талдау жүргізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Нәтижесінде ата-ана қамқорлығынсыз қалған 11 кәмелетке толмаған балаға әлеуметтік жәрдемақының тиісті түрде төленбегені, сондай-ақ оларды ұйым қаражаты есебінен сауықтыру мекемелері мен лагерьлерге тегін жолдамамен қамту мәселесі қаралмағаны анықталды.

«Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде оқушыларға тиесілі әлеуметтік жәрдемақылар төленді. Сонымен қатар, оларды лагерьлерге және санаторий-курорттық мекемелерге жолдамалармен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдануда», деп хабаралады Бас прокуратура. 

Қазіргі уақытта кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Еске салайық, Астанада кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу талқыланғанын жаздық.